Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірді. Бұл жазаны жеңілдететін жағдай болып танылды.
Қостанайда жеңгетайлықпен айналысқан әйелдің қылмысы әшкере болды
Рolisia.kz
634
оқылды

Қостанайда қыздарды алдап соғып, жезөкшелікке тартқан әйел сотталды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нақты айтқанда, қалалық №2 сотында притон ұйымдастыру және жеңгетайлық фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот мәліметінше, сотталушы 2021 жылдың қазанынан 2023 жылдың мамырына дейін Instagram-дағы парақшасына қыздарды массажист ретінде жұмысқа қабылдайтыны туралы хабарландырулар орналастырған. 

"Хабарландыруына жауап берген қыздармен кездесіп, оларды жезөкшелікпен айналысуға шақырған. Бұл үшін айыпталушы К. Қостанай қаласында пәтер жалдап, Telegram желісінде клиенттердің тапсырыстарын қабылдаған", – делінген сот хабарламасында. 

Келісім сомасы шамамен 10 000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін болған.

Сот үкімімен әйел пайда табу мақсатында жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.