Алматыда коронавирус бар ма? – қаланың бас дәрігері қонақ шақырмауға кеңес берді
Алматыда коронавирус бар ма? – қаланың бас дәрігері қонақ шақырмауға кеңес берді
Фото: Интернеттен алынды
5,299
оқылды
Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев үйге кісі шақырып, қонаққа бармауға кеңес берді, – деп хабарлайды Almaty.tv. Бас дәрігер коронавирус таралып кетпеуі үшін алдын алу шаралары іске асырылып жатқанын айтты. Телеарнаның хабарлауынша, қазір Алматыда шетелден келген азаматтарды оқшаулау үшін бірнеше медициналық орталық дайындалған. Оның 2-і инфекциялық стационар болса, тағы 4 медициналық стационар жұмыс істеп тұр. Онда 490 адам бар. Қауіпті мемлекеттерден келген азаматтар бірнеше санатқа бөлініп, бақылауда болады. Оның айтуынша, «А» тобына: Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия мемлекеті жатады. Бұл азаматтар 14 күндік карантиннен кейін 10 күн бойы медицина қызметкерлері қоңырау шалып, олардың денсаулығын біліп отырады. 1 «Б» тобына Франция, Германия мен Испания елдері кіреді екен. «Бұл адамдар үйде карантиннің кезінде бұл карантинді үзетін болса, онда біз Тауарлардың қасиеті мен оның қауіпсіздігін қадағалайтын департаменттің өкілдеріне хабар береміз, олар бұл адамдарға әкімшілік шара қолдануына кейбір айыппұл салуларына құқықтары бар», – деді Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Қаланың бас дәрігері Алматыда коронавирус тіркелмегенін айтты.