Халықаралық турнир 6 қазанға дейін жалғасады.
Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан халықаралық турнирді жеңіспен бастады
Фото: ҰОК
3,539
оқылды

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирдің келесі кезеңіне өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, боксшылар Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр.

48 келіде жұдырықтасатын Санжар Тәшкенбай бірінші кезеңде алматылық Сүлеймен Тілеубердімен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

54 келіде бақ сынайтын Махмұд Сабырхан Алматы облысының өкілі Тимур Кенжеақыннан басым түсті. 

Шымкенттегі халықаралық турнир 6 қазанға дейін жалғасады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.