Жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді.
Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі адам қылмыс үстінде ұсталды
Фото: видеодан кадр
397
оқылды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасора» жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адамды және 28 жастағы әйелді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді. 

Сондай-ақ, жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 грамға жуық синтетикалық есірткі анықталып, тәркіленді. 

«Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деді полициядан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.