Алғашқы электрлік жолаушылар ұшағы жасалды

Beta Technologies компаниясы тік ұшып-қонатын алғашқы ұшағын таныстырды. Бұл ұшаққа ұшып-қону жолағының қажеті жоқ, кез келген тегіс жерге қонып, ұша алады.

Электрлік тік ұшып, тігінен қонатын (eVTOL) ұшақтың алғашқы нұсқасының техникалық сипаттарымен techcrunch.com сайтына сүйенген Aikyn.kz таныстырады.

860 миллион доллардан астам үлестік қаржыландыру жинаған Вермонт стартапы электрлік авиациясында көш бастап тұр. Фото vtdigger.org сайтынан алынды. Авторлығы: VTDigger / Glenn Russell 

Amazon’s The Climate Pledge сияқты ірі компаниялардан бүгінгі дейін 860 миллион доллардан астам үлестік қаржыландыру жинаған Вермонт стартапы электрлік авиацияны саласындағы басқа әріптестеріне қарағанда басқаша және мұқият шешуде. Joby Aviation және Archer Aviation сияқты бәсекелестеріне қарағанда, Beta өзінің қалалық әуе такси желісін құрып, оны басқаруды мақсат етпейді. Оның орнына Beta өзін әртүрлі тұтынушыларға ұшақтар мен қуаттау шешімдерін сататын компания ретінде көрсеткісі келеді.

Бүгінгі күні Beta қорғаныс, жүк және медициналық логистика салаларындағы, соның ішінде United Therapeutics, UPS, Air New Zealand және АҚШ Әуе күштері сияқты клиенттерге қызмет көрсетуде және 2025 жылға қарай осы нарықта мықтап бекінуді жоспарлап отыр. Archer сияқты тұтынушылар қазірдің өзінде 50-ден астам жоспарланған, 34 белсенді жұмыс істеп тұрған станциялардан тұратын Beta зарядтау желісіне үміт артуда.

Электрлік ұшақ бес орындық, пилот кабинасы, багаж бөлімі бар және артқы жолаушыларға ыңғайлы болатын қосымша мүмкіндіктер қарастырылған. Фото vtdigger.org сайтынан алынды. Авторлығы: VTDigger / Glenn Russell 

«Жолаушылар саяхаты әрқашан біздің жоспарымыздың бір бөлігі болды. Біз ұшақта қауіпсіздік мәселелерін толық ескердік және жолаушылар кеңістігінің конфигурациясын ыңғайлы жасадық. Сертификаттау және тұтынушыларды қызықтыру тұрғысынан алдымен медициналық және жүк тасымалына назар аударып, содан кейін жолаушылар тасымалына көшу әлдеқайда мағыналы болды», – дейді Beta-ның негізін қалаушы және бас директоры Кайл Кларк.

Beta әлі толыққанды жолаушылар таситын ұшақтың прототипін құрастырған жоқ, бірақ жаңа ұшақтың концепциясы бұрыннан ұшып жүрген Beta үлгілерімен бірдей дизайн мен инженерияның көп бөлігін қолданады. Кларк бұндай стратегия сертификаттау, өндіріс және коммерцияландыруды жеңілдетеді дейді.

Жолаушыларға арналған электрлік ұшақтың жүк тасымалдайтын нұсқалардан ең елеулі айырмашылығы жолаушылар нұсқасында адамдарға сыртқа қарауға мүмкіндік беретін терезелердің көп болуы. Ал кабина бес орындық, пилот кабинасы, багаж бөлімі бар және артқы жолаушыларға ыңғайлы болатын қосымша мүмкіндіктер қарастырылған.

Beta-ның жолаушыларға арналған электрлік ұшағы 635 келі көтереді. Қазірдің өзінде бұл ұшақтар әскерилер үшін жүк тасымалдайды. Фото vtdigger.org сайтынан алынды. Авторлығы: VTDigger / Glenn Russell 

Beta-ның жолаушыларға арналған электрлік ұшағы 635 келі көтере алады. Қазірдің өзінде бұл ұшақтар әскерилер үшін жүк тасымалдау миссияларын орындауда. Басқа бәсекелестерімен салыстырғанда Beta-ның ұшу сағаттары да айтарлықтай көп.

«Бізде он мыңдаған ұшу сағаттары бар ондаған, тіпті жүздеген жүк ұшақтары болады деп сенемін. Бұл авиациядағы ең жауапты миссияны – жолаушылар тасымалдауды – бастамас бұрын өнімнің қауіпсіздігіне сенімділікті тудырады. Менің ойымша, бұл стратегия бізге жолаушылар тасымалын басқаларға қарағанда тезірек бастауға мүмкіндік береді», – дейді Кларк.

Кларк Beta ұшақтары 13-14 ай ішінде Федералдық авиация әкімшілігімен (FAA) сертификатталады деп сенеді. Бұндай стратегия жолаушылар тасымалы саласында тұтынушыларды тартуға көмектесті. Кептелістерде тұрғысы келмейтін ауқатты, іскер адамдар 2021 жылдың өзінде 20 Beta eVTOL ұшағына қолма-қол ақшамен тапсырыс берген. Қонақтарды Грециядағы Aria қонақүйлеріне тасымалдау үшін LCI авиакомпаниясы мен жүк және жолаушылар тасымалдаушы Helijet компаниясы Beta-ның төрт ұшағына тапсырыс беріп, тағы төртеуін сатып алуды жоспарлаған. Beta алдыңғы бірнеше жыл ішінде осы және басқа тапсырыстарды орындауға дайындалуда. 

Коммерциялық әуежайға баруға екі-үш сағатын жұмсайтын адамдар енді артық ақша төлемей-ақ бірнеше минут ішінде қаланың кептелістерінің үстінен ұшып әуежайға жете алатын болады. Фото vtdigger.org сайтынан алынды. Авторлығы: VTDigger / Glenn Russell 

Beta қаңтарда Саут-Берлингтонда өндірістік зауытын ашты. Келесі бір жарым жыл ішінде зауыт жүздеген ұшақтар шығарады деп күтілуде. Тағы төрт жылдан кейін зауыт жылына 300 электрлік ұшақ шығаратын максималды қуатына жететін болады.

Сарапшы мамандар электрлік авиация аймақтық рейстердің құнын айтарлықтай төмендететінін айтуда. Коммерциялық әуежайға баруға әдетте екі-үш сағатын жұмсайтын адамдар енді артық ақша жұмсамай-ақ бірнеше минут ішінде қаланың кептелістерінің үстінен ұшып әуежайға жете алатын болады.

Қысқа қашықтықтарға ұшатын рейстер авиакеросиннің қымбаттығынан, реактивті ұшақтарды ұстауға кететін шығынға байланысты өте қымбат. Ал турбинадан немесе реактивті ұшақтан электрлік ұшаққа ауысқанда, тасымалдау құнын екі есе қысқартуға болады Бұл адамдарды тасымалдау нарығын шамамен 10 есеге ұлғайтатын болады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.