Олар ет, сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер, бал және басқа да тауарлар әкеледі.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазанда өтеді
Фото: gov.kz
2,189
оқылды

Елімізде өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазанда өтеді. Өз өнімдерін Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жетісу өңілерінен келген аграрлар ұсынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Олар ет, сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер, бал және басқа да тауарлар әкеледі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл жәрмеңке Қарқаралы тасжолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қатынайды. Жәрмеңкелер 27 қазанға дейін өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.