Екінші раундта төреші Угурға нокдаун санады.
Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны Айбек Оралбай халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті
Фото: ҰОК
3,016
оқылды

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдәлиевті  еске алуға арналған халықаралық турнирде екінші жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.      

92 келіден жоғары салмақта санатындағы кездесудің ширек финалында Оралбай түрік боксшысы Айдемир Угурмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек Оралбайдың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды. Екінші раундта төреші Угурға нокдаун санады. 

Осылайша Айбек Оралбай турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.