Экспресс-бағдарлардың жұмысы жылдам әрі жайлы сапарлар, жол жүру уақытын азайтуға және елордада жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған.
Астанада 6 қазан күні экспресс-автобустар жүреді
Фото: 365info.kz
409
оқылды

«City Transportation Systems» ЖШС 6 қазанда Астана қаласы көшелеріне жаңа № 501 және № 502 экспресс-бағдарларының шығатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Экспресс-бағдарлардың жұмысы жылдам әрі жайлы сапарлар, жол жүру уақытын азайтуға және елордада жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған.

Бағдарлар бағыты:
№ 501 экспресс – Абайдың 150-жылдығы к-сі – Халықаралық әуежай;
№ 502 экспресс – Теміржол вокзалы – «Бағыстан» ТК қатынасымен жүреді.

Әр бағыт бойынша 8 автобус қызмет көрсетеді, қатынау жиілігі 14-20 минут.

Жол жүру құны – 250 тг.

Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды:

«Қала+Экспресс» – 10 000 тг.
«Қала+Экспресс+Қала маңы» – 13 500 тг.

Экспресс бағдарлар елорданың негізгі көлік-тасымалдау хабтарын және әлеуметтік маңызы бар объектілері арқылы жүреді. Олардың жүру сызбаларымен CTS Instagram парақшасының Таplink-те танысуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.