Қайғылы оқиға Алматы облысы Боралдай ауылында болған.
Алматы облысында әйел мүгедек баласын ұрып өлтірген
Фото: istockphoto.com
584
оқылды

Желіде әйелдің мүгедек баласын ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға Алматы облысы Боралдай ауылында болған.

«Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр», – деп жауап берді полициядан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.