Анасының айтуынша, бала аулада ойнап жүріп кенеттен жоғалып кеткен.
Қарағанды облысында жоғалып кеткен 5 жасар баланы 400 адам іздеді
Фото: Қарағанды облысы ПД
3,321
оқылды

Бұқар жырау ауданында бес жасар бала төрт сағаттан кейін табылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қарағанды облысы ПД хабарлауынша, оқиға 3 қазан күні Петровка ауылында, кешкі сағат 20:00-де болған. Анасының айтуынша, бала аулада ойнап жүріп кенеттен жоғалып кеткен.

Іздеуге полиция қызметкерлері, ТЖ қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері мен кинологтар тартылды. Жалпы 400-ден астам адам қатысты.

"Іздеу жұмыстары төрт сағаттан астам уақытқа созылды. Түн ортасында баланы Петровка ауылынан бір шақырымнан астам жерден тапқан. Бала аман-есен", – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.