Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев мемлекетке сырттан төнуі мүмкін қатерлер туралы айтты.
ҰҚК басшысы мемлекетке сырттан төнуі мүмкін қатерлер туралы айтты
Фото:gov.kz
2,640
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев мемлекетке сырттан төнуі мүмкін қатерлер туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Біздің мамыр айында болған Бішкектегі соңғы кездесуімізден бері салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ. Алайда осы кезеңде ТМД-да, жалпы әлемде болған оқиғалар біздің елдегі оперативті жағдайға айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Халықаралық терроризмге қарсы белсенді әрекет етумен байланысты міндеттер бірінші орында қалып отыр», – деді Ермек Сағымбаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысында.

Сондай-ақ, ол ұйым елдері синтетикалық есірткі саудасына көбірек мән беру керектігін атап өтті.

«Трансшекаралық қылмыстардың, заңсыз көші-қон мен қару-жарақ контрабандасының қатері артып тұр. Есірткі трафигіне, әсіресе «синтетика» делініп жүрген есірткі түрінің таралуы біздің мұқият назар аударуымызды қажет етеді», – деді ҰҚК басшысы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.