Күдікті ретінде онымен бірге тұрған әйел ұсталды.
Алматыда шетелдік азаматтың бөлшектелген мәйіті табылды
2,045
оқылды

Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінен шетелдік азаматтың мәйіті табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

CMN.KZ Telegram-арнасының мәліметінше, Әуезов ауданындағы пәтерде 50 жастағы Ресей азаматының бөлшектелген мәйіті табылған. Аталған деректі Алматы қалалық Полиция департаменті растады. Күдікті ретінде онымен бірге тұрған әйел ұсталды.

– Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.