Тінту кезінде және әйелдердің тұрғылықты жері бойынша 158 грамнан астам α-PvP табылды.
Солтүстік Қазақстан облысында екі әйел сотталды
Фото: polisia.kz
488
оқылды

2024 жылғы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлға есірткі жеткізудің ірі арнасының алдын алып, 37 және 33 жастағы екі әйелді ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz  polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тінту кезінде және әйелдердің тұрғылықты жері бойынша 158 грамнан астам α-PvP табылды. Сондай-ақ электронды таразы, орау материалы және басқа да орау құралдары тәркіленді.

Сонымен қатар ұсталғанға дейін 37 жастағы әйел Алматыға барып, онда 0,5 келіден астам α-PvP қабылдап, осы партияны Петропавлға жеткізген. Осылайша екі әйелден барлығы 700 грамм есірткі тәркіленді.

Бұл есірткі – Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері осы жылы тәркілеген "синтетиканың" ең ірі партиясының бірі.

33 жастағы әйелдің жұбайы "синтетиканы" сатқаны үшін жазасын өтеп жатыр. Қазіргі уақытта Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны 11 жылға, оның сыбайласы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.