Оқушылар 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында демалысқа шығады
Оқушылар 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында демалысқа шығады
Фото: Интернеттен алынды
278
оқылды
Коронавирусқа байланысты жиын өтті. Жиында «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялады. Президент нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралара өткізілмейді. Сауда орындары, вокзалдарда санитарлық талаптар күшейеді. Орта білім беру мектептерінде 16 наурыз - 5 сәуір аралығында демалыс болады», – деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында: «Денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», – деп жазды.