Ол жігіттерге де кеңесін айтты.
«Бізде алғашқы неке түнінен кейін ақжайманы іліп қояды»: Қуат Хамитовтың сөзі қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/kuat__khamitov
1,592
оқылды

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Вестник MMA YouTube арнасына берген сұхбатында қыз өсіріп отырған ата-аналарға ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол әйелді ер адамның ар-намысы, бет-бейнесі деп бағалады.

«Басқа қалаларды білмеймін, бірақ біз жақта жігіттер тәрбие көрген, көше көрген. Тіпті, бізде алғашқы неке түнінен кейін ақжайманы іліп қоятын салт-дәстүр бар. Егер біреу пәк емес қызға үйленсе, онымен ешкім араласпай қоятын. Себебі бұл жігітке лайықсыз әрекет саналады. Біз осындай тәрбие көрдік. Әйел – ер адамның ар-намысы, бет-бейнесі. Мен әлі де болса өз ойымнан айныған жоқпын, айнымаймын да. Мені жек көріп, балағаттайтындарға, жас қыздар мен ата-аналарға айтарым: ұл-қыздарыңызды арлы, ұятты, пәк етіп тәрбиелеңіздер. Олар өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алатындай болуы керек. Міне, осы жақсы қыз» бен жақсы емес қыздың» айырмашылығын көрсететін дүние»,  дейді Қуат Хамитов.

Ол сонымен қатар жігіттерге де кеңесін айтты.

«Ислам дінінде ер адамдар да әйеліне пәк күйінде бару керек екені айтылады. Жеңіл жүріске жігіттер де жоламауы керек. Себебі бұл ұрпағыңа әсер етеді. Егер еркек әр әйелге барса түрлі ауру жұқтырады. Ондай инфекциямен туылған бала ауру болып дүниеге келеді. Сондықтан абай болу керек»,  дейді атышулы спортшы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.