Балабақшалар карантинге жабылмайды – Асхат Аймағамбетов
Балабақшалар карантинге жабылмайды – Асхат Аймағамбетов
Фото: Интернеттен алынды
218
оқылды
Бүгін Қазақстанда коронавирустың алдын алуға байланысты жиын өтті.  «Инфекцияны таратпау мақсатында 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Мерекелік, спорттық, мәдени, конференциялар, семинарлар, көрмелерді және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынады. Денсаулық сақтау, білім беру орындарында - ХҚКО-ларда, сауда орындарында, базарларда, вокзалдарда, әуежайларда және қонақүйлерде санитарлық шаралар күшейтіледі», – деді ЕралыТоғжанов. Сондай-ақ жиында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалар жабылмайтынын айтты. «Қазақстанда коронавирус жоқ, сол себепті балабақшалардың жұмысын тоқтатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Коронавирус анықталған жағдайда жедел шаралар қабылданады», – деді ол.