Подполковник сарбазды жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеп, келіспегені үшін ұрып-соққан.
Ақтөбеде сарбазды соққыға жыққан офицер жазадан сытылып кетті
Егемен Қазақстан
390
оқылды

Соған қарамастан ол жазадан құтылып кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Диапазон басылымы жазғандай, Ақтөбе гарнизонының әскери сотында Қорғаныс министрлігі № 51809 әскери бөлімінің зениттік зымыран дивизиондары штабы бастығының ісі қаралды. Ол лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды және қатардағы жауынгерді ұрды деп айыпталды.

Түскі асқа бару үшін қатарға тұру кезінде подполковник кешігіп келген бірнеше сарбазды байқаған. Әңгімелесу барысында ол сарбаздардың біреуінің сөмкесінен бірнеше тез дайындалатын кеспені тауып алып, сарказммен: "не, аш жүрсіңдер ме?" деп сұраған. Осыдан кейін ол қатардағы жауынгерге кеспені жеуді бұйырады.

Сарбаз бас тартқанда кеспе жерге түседі. Бұл подполковниктің ашуын туғызып, ол алдымен қатардағы жауынгерді алақанымен құлағына бірнеше рет ұрып, содан кейін жұдырықпен соғады. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, жәбірленушінің құлақ мембранасы мен сол құлағында барабаны жарылып кеткен.

Сот отырысында айыпталушы өзінің іс-әрекеті арқылы әскери тәртіпті бұзғанын түсініп, өз кінәсін толық мойындады. Алайда оған ешқандай жаза тағайындалған жоқ. Зардап шеккен қатардағы жауынгер подполковникпен татуласып, оған ешқандай талабы жоқ екенін айтып, соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған. Ақтөбе гарнизон  соты осыны ескеріп, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.