Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-1, 13 КО) жекпе-жектен кейін басқа чемпиондарды айқасуға шақырды.
Енді маған тағы екі титул керек: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
instagram.com/janibek_alimkhanuly
294
оқылды

Осылайша, қазақстандық спортшы WBO және IBF титулдарын қорғап қалды,  деп жазады Aikyn.kz.

Бұған дейін бокс шолушысы Бен Дэймон Әлімханұлы WBO титулынан айырылып қалды деп дүрліктіріп қойған болатын. Дегенмен жекпе-жек алдында менеджер Эгис Климас Жәнібектің екі титулы да өзінде деп мәлімдеді. 

"Бұл оңай жекпе-жек болған жоқ. Мен стилімді көрсетіп, жоспар бойынша әрекет еттім. Қарсыласымды жеңдім. Енді маған тағы екі титул керек, олар Лара мен Адаместе. Мен оларды жекпе-жекке шақырамын. 

Жекпе-жекті тамашалуға келген және теледидардан көрген жанкүйерлердің бәріне алғыс айтамын. Еліміздің атын ары қарай асқақтата береміз!",  деді Жәнібек жекпе-жектен кейін.