Елімізге белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков өз таңдауын жасады. Боксшы бүгін атом электр стансасының құрылысы жөніндегі республикалық референдумға қатысып, дауыс берді.
Бүгін халықтың қабылдайтын шешімі елдің жарқын болашағына жол ашады деп сенемін – Мұхтархан Ділдәбеков
331
оқылды

Мұхтархан Қабланбекұлы еліміздің болашақта орнықты түрде дамып, өсіп-өркендегенін қалайтынын, сондықтан осы жолда еліміздің ауқымды энергетикалық дағдарысқа тап болмауы үшін осынау маңызды мәселе бойынша өзінің пікірі мен көзқарасын білдіріп, таңдауын жасауды азаматтық борышы деп есептейтінін айтады. 

Отбасымыз үшін бұл күн мереке секілді басталды. Таңертеңнен Шымкент қаласы «Қайтпас» шағынауданында орналасқан №270 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Бүгін халқымыздың қабылдайтын шешімі еліміздің, балаларымыздың жарқын болашағына жол ашады деп сенемін, – деді Мұхтархан Ділдәбеков. 

Айта кетейік, Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы.