Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы ресми мәлімдеді.
Референдум: Шетелде 7358-ден астам Қазақстан азаматы өз таңдауын жасады
687
оқылды

Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты). 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ОСК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Тағы 1 Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де ашылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған болатын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 12 307. Бүгін, Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен бірқатар брифингтер өтті. Миссия басшылары атап өткендей, республикалық референдум Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтуде. Олардың пікірінше, референдум ашық, еркін әрі заңды. Олармен учаскелерде бірде-бір бұзушылық анықталған жоқ. Сонымен қатар халықаралық бақылаушылар біздің сайлаушылардың жоғары белсенділігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, өздеріңізге мәлім, референдумнан 200-ден астам шетелдік журналист ақпарат таратып жатыр.

Айта кеткен жөн, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының  61,56%-і бюллетень алды.