Еңбек жолын 2011 жылы Астана қаласындағы Fire Safety Engineering ЖШС құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.
Берік Таңжарықов Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
687
оқылды

Облыс әкімінің өкімімен Берік Қуанышұлы Таңжарықов Қостанай облысы әкімінің Құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Берік Қуанышұлы 1990 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған. 

Еңбек жолын 2011 жылы Астана қаласындағы  Fire Safety Engineering  ЖШС құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.

2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласында  Dondil Construction CO.LTD  ЖШС инженері болып жұмыс істейді.

2014 жылғы мамырдан 2015 жылғы шілдеге дейін Астана қаласында Astana Metal Construction  ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарады.

2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың қаңтарына дейін Астана қаласында «Аманат строй» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері,  2015 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың шілдесіне дейін Астана қаласында «Аманат строй» ЖШС-да прораб болып жұмыс істейді.

2015 жылдың тамызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін Қостанай облысы әкімдігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары қызметін атқарған.

2018 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы қазанға дейін Қостанай облысы әкімдігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.

2019 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қостанай облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Берік Қуанышұлы жұмыс барысында өзін тәжірибелі, ұйымдастырушылық қабілеті мол, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде табанды, сауатты басшы ретінде көрсете білді.