Елордада Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейтін болды
Елордада Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейтін болды
© Тұрар Қазанғапов
248
оқылды
Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейтін болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді
"Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды", - деп жазды Берік Уәли.
Дегенмен шағын және орта бизнес жұмысын жалғастыра беруі тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы шектеу шаралары олардың жұмысына кедергі келтірмеуі керек екенін атап айтты. Ірі кәсіпорындар да үздіксіз жұмыс істей береді. Бұған дейін Президент коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесі жөнінде бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен шұғыл кеңес өткізген еді.