Біздің елдің атынан турнирге 13 спортшы қатысады.
Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды
Фото: ijf.org
1,065
оқылды

11-13 қазан аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оған Қазақстан командасы қатысады. Біздің елдің атынан турнирге 13 спортшы қатысады.

Ұлттық олимпиадалық комитет турнирге қатысатын спортшылар тізімін жариялады: 

Әйелдер:

- Әбиба Абужақынова (48 келіге дейінгі салмақта)

- Эсмигуль Куюлова (63 келіге дейінгі салмақта)

- Назгүл Маратова (78 келіден жоғары салмақта)

- Карина Такиева (78 келіден жоғары салмақта)

Ерлер:

- Мағжан Шамшадин (60 келіге дейінгі салмақта)

- Дәурен Суюкенов (60 келіге дейінгі салмақта)

- Әділбек Берікұлы (66 келіге дейінгі салмақта)

- Дархан Қойбағар (73 келіге дейінгі салмақта)

- Ермек Амангелді (73 келіге дейінгі салмақта)

- Жалғаc Қайролла (80 келіге дейінгі салмақта)

- Руслан Мусаев (81 келіге дейінгі салмақта)

- Әділет Сапарғалиев (100 келіге дейінгі салмақта)

- Мәди Еділбаев (100 келіден жоғары салмақта)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.