Бейненің бар екенін растау ретінде постқа скриншот қоса беріледі.
«Талғардағы қайғылы оқиғаның бейнежазбасы өшірілген жоқ»: Полиция мәлімдеме жасады
Фото: Алматы облысы ПД
867
оқылды

Алматы облысы полициясы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді» деген жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазба полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз», - деді полициядан.

Бейненің бар екенін растау ретінде постқа скриншот қоса беріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram   арнасынан таба аласыз.