Сотқа дейінгі тергеу басталды. 
Талдықорғанда ер адам көлігімен қоса өртеніп кетті
383
оқылды

Талдықорғанда көлігімен бірге өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Болжам бойынша, әлдекімдер оны өлтіріп, артынан өрт қоюы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Алайда  ер адамның шынымен адам қолынан қаза тауып, артынан өртенген болуы мүмкін деген ақпарат әлі расталған жоқ.

– Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес  өзге ақпарат жариялануға жатпайды, –  деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.