Қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары тартылған.
Іле ауданының әкімі қамауға алынды
Фото: Антикор
1,704
оқылды

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасымен бірлесіп бірқатар ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Іле ауданының әкімінің әрекетін әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз аффилиирленген компанияға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген. 

Сонымен қатар ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша күдікті. 

Қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары тартылған. 

Айта кету керек, компанияның қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шартта көзделген міндеттемелері орындалмаған. Ал оның қызметінен түскен табыс оны жеке байытуға бағытталған. 

Өңір экологиясына құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде 204 млн теңге көлемінде залал келтірілді. 

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.