Құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткен қыздардың оқиғасынан кейін Кемертоған орта мектебінің директоры Дархан Накысбеков орнын босатты.
Оқушы қыздар ақша бопсалаған: мектеп директоры қызметінен кетті
Фото: ortcom.kz
2,327
оқылды

Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылындағы оқушылардың қатарласына күш көрсетіп, ақша бопсалаған шудан кейін мектеп директоры қызметінен кетті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткен қыздардың оқиғасынан кейін Кемертоған орта мектебінің директоры Дархан Накысбеков орнын босатты.

Бұл ақпаратты өңір әкімдігі растады.

«Мектеп директоры өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды», – деп атап өтті Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, оларды жауапқа тартты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.