Адвокат Соттан екі айыпталушыны да ақтауды сұраған.
Жоғарғы Сот Денис Теннің өліміне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
365
оқылды

10 қазанда ҚР Жоғарғы Соты белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың кассациялық шағымын қарады. Шағымда қорғаушы екі айыпталушыны да ақтауды сұраған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2019 жылғы 17 қаңтардағы сот үкімімен А.Б.Құдайбергенов пен Н.Д.Қиясов алдын-ала сөз байласып, жәбірленуші Д.Теннің мүлкін жымқырып, ұрлық жасағаны, сондай-ақ, оны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 18 жылға сотталған болатын.

Бүгін Жоғарғы Сот аталған сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексеріп, нәтижесінде істі қайта қарауға негіз болмауына байланысты сотталғандардың адвокаты келтірген өтінішхатты кассациялық сатыдағы сот отырысының қарауына беруден бас тартты. Сондықтан үкім өзгеріссіз қалды.

Белгілі болғандай, адвокат өтінішхатында сотталғандарды ақтауды немесе олардың адам өлтіру әрекеттерін (ҚК-нің 99-бабынан), абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру әрекеті ретінде ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен қайта қарауды сұраған.

Еске сала кетейік, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы 25 жасында көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.