Коронавирус қаупі: Nur Otan партиясының отырысы өтпеуі мүмкін
Коронавирус қаупі: Nur Otan партиясының отырысы өтпеуі мүмкін
© Тұрар Қазанғапов
275
оқылды
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынуына байланысты Nur Otan партиясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтпеуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Nur Otan партиясының 18 наурызға белгіленген кеңейтілген отырысының өту-өтпеуі белгісіз. Әзірше шешім қабылданған жоқ. Шешім шыққан кезде мәлімет беріледі", - деді Тоғжанов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан брифингте.
Мұның алдында Тоғжанов орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген болатын.
Еске салайық, кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.