Палата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Тұтынушылардың құқығын  қорғайтын заң жобасын қарайды
309
оқылды

Депутаттар бірінші оқылымда қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылайды.

Үкімет заң жобасы Мемлекет басшысының банк сек­торындағы рұқсат беру талаптарын оңтайландыру жө­ніндегі тапсырмасын іске асыру үшін әзірленді. Сондай-ақ 2023 жылғы Президент Жолдауын іске асыру аясында шетелдік ен­шілес банктер мен олардың филиалдарын ашу талаптарын жеңілдетуге қатысты қосымша өзгерістер енгізілді. Ұсынылып отырған түзетулер қаржы секторына кәсіби кадрларды тарту және банк секторының инвестицияларына әкімшілік кедер­гілерді азайту үшін жағдай жасауға тиіс.

Екінші оқылымда депутаттарға ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелеріне қатысты түзетулерді қарау ұсынылады. Заң жобасы мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етудің механизмдері мен құралдарын бекітеді. Сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

Күн тәртібіне Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары да енгізілді. Олардың қатарында «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер, қылмыстық жолмен алынған кі­­ріс­терді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қар­жы­ландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулер, инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге қатысты заңнамалық өзгерістер және басқа да бірқатар жоба бар. Мәжіліс бұл заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеуі қажет.