Бұл туралы блогер Таир Жиғанбаев өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.
Алматыда ерлі-зайыптылар оқушыны қылғындырып, телефонын тартып алған
520
оқылды

Алматыда ерлі-зайыптылар мектепке кетіп бара жатқан оқушыға шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Блогердің айтуынша, Рамазан есімді оқушы мектепке велосипедпен бара жатқан. Бірақ алдынан бейтаныс ер адам шығып, екі итімен оның жолын кес-кестеген. Ары қарай өткізбеуге тырысқан.

– "Ол менен қайда бара жатқанымды сұрап, бейәдеп сөз айтты. Велосипедпен келе жатқан жылдамдығым 20 км/сағ болатын. Сөздерге шыдамай, жауап қайтардым, содан кейін төбелес басталды. Ол мені тұншықтыра бастады. Мен тахикардиямен ауырамын, одан өліп қала жаздадым. Денем қызарып кетті, жаралар көп. Айналамда шамамен 10 адам болды. Барлығы дерлік ер адамдар, бірақ ешкім көмектеспеді. Оны жазасыз қалдырмауды сұраймын. Жанында әйел де болды, ол маған бейнежазбаны өшір деді. Әлі де тыныс алуым қиын, жүрегім ауырып тұр", – дейді жәбірленуші.

Төбелеске қатысты құқық қорғау органдары әлі ресми түсінік берген жоқ.