Коронавирус қаупі: Ералы Тоғжанов үйлену тойын өткізуді кейінге қалдыруға шақырды
Коронавирус қаупі: Ералы Тоғжанов үйлену тойын өткізуді кейінге қалдыруға шақырды
© zakon.kz
240
оқылды
Вице-премьер Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды туған күндерін, үйлену тойларын өткізуді коронавирустың қауіпіне байланысты кейінге шегеруге шақырды, - деп хабарлайды zakon.kz.
Мен қазақстандықтарға үндеу тастағым келеді. Әркімге денсаулығы маңызды екені белгілі. Осыны дұрыс түсіну керек. Сондықтан қандай да бір жиын-той өткізер алдында ойланыңыз. Көп қонақ шақырмауға тырысыңыз. Тіпті тойды өткізу мерзімін кейінге шегеруге кеңес береміз, - деді Тоғжанов.
Айта кетейік, елімізде коронавирустың таралу қаупіне байланысты мектеп оқушылары кезекті демалысқа бір апта бұрын жіберіліп жатыр: 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін. 13 наурыздан бастап жаппай қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады. Кинотеатрлар жұмыс істемейді, бірақ сауда орталықтары мен базарлар бұрынғыдай жұмыс істей береді. Азық-түлікпен халықты қамтамасыз ету мәселесі биліктің бақылауында.