Өнер иесінің жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр.
Айгүл Иманбаева күйеуін мақтады
4,385
оқылды

Танымал эстрада әншісі, актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында күйеуімен бірге түскен фотосын жариялап, жазба қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Шулаған әлемде жанымның тыныштығысың», – деп жазды өнер иесі.

Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

«Басы бос азаматпен бас қосты, ешкімнің ұясын бұзған жоқ, нағыз ақылды әйел», «Әр әйел сүйікті болуға лайықты», «Айгүл сұлу, ақылды келіншек, өзінің теңін тауып бақытты болуға лайықты», «Айгүлдей болып ал, өнерімен де, сәнімен де, әдемілігімен де өзін танытты. Асықпай жүріп, өз бақытын тапты. Бақытты болыңдар!» – деп жазды желі қолданушылары.