Синоптиктер еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Қар, көктайғақ: 14 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
3,216
оқылды

Қазгидромет 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында аздап жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең тауда тұман болады. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай ойнайды.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың таулы аудандарында 25 м/с дейін жетеді. Таразда күндіз жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнайды.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Қонаев қаласында да солтүстік- шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысындағы жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 

Астанада да көктайғақ болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.