14 пен 16 жас аралығындағы 3 күдікті анықталды.
"20 адам үш жасөспірімді соққыға жыққан": полиция мән-жайды айтты
Фото: istockphoto.com
1,404
оқылды

Желіде Таразда 20 адам үш жасөспірімді соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Жамбыл облысының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Әлеуметтік желіде тараған "20 адам 3 жасөспірімді ұрды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды",  деді полиция қызметкерлері.

Бір топ адам жасаған бұзақылыққа қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланды. 14 пен 16 жас аралығындағы 3 күдікті анықталды.

Облыстық ПД мәліметінше, бұл іске кәмелетке толмаған тағы 4 баланың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Зардап шеккендердің тізімінде екі адам бар  13 жастағы жасөспірім мен 21 жастағы жігіт. Олардың жағдайы тұрақты", делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.