Белгілі жазушы Бейбіт Сарыбай “буынсыз адам” атанған цирк әртісі Айдос Тоқтарбайдың неден көз жұмғанын айтып, жазба қалдырды.
"Буынсыз адам" атанған Айдос Тоқтарбайдың мезгілсіз өліміне не себеп болғаны белгілі болды
Фото: massaget.kz
1,633
оқылды

Белгілі жазушы Бейбіт Сарыбай “буынсыз адам” атанған цирк әртісі Айдос Тоқтарбайдың неден көз жұмғанын айтып, жазба қалдырды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

“Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан?! Жаның жәннатта болсын, мейірімі шексіз Алла алдыңнан жарылқасын. Көрмеген көшеңнен қорықпа, бабаларың кеткен жақ. Туыстарына көңіл айтамын”, – деді жазушы

Айта кетейік, бұған дейін «буынсыз адам» атанған Айдос Тоқтарбайдың өмірден өткені туралы жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.