Баян Алагөзованың айтуынша, мұндай қызмет үшін еліміздегі бағалар өте арзан.
Баян Алагөзова суррогат аналарға қанша қаражат төлегенін айтты
5,534
оқылды

Қазақстанға танымал продюсер Баян Алагөзова екі баласының суррогат аналарына қанша қаражат төлегенін айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Баян Мақсатқызы «Көреміз» бағдарламасына берген сұхбатында толық баяндап берді.

«Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Бағаны ашық дереккөздерден біліп алуға болады. Суррогат аналардың жалақысы айына 250.000-300.000 теңге. Жалпы, ол суррогат аналардың қалауына қарай. Бір суррогат ана 250 000 теңге сұрады, екіншісі 350 000 теңге деді. Ал қалған ақшаны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Суррогат ана сәбиді дүниеге әкелген күні оның еңбекақысын төлеуге міндеттісің, бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек», – деді ол. 

Баян Алагөзованың айтуынша, мұндай қызмет үшін еліміздегі бағалар өте арзан. Қазақстанда суррогат аналардың еңбекақысы 6,5 млн теңгеден басталып, 10 млн теңгеге дейін барады. Сондықтан да шетелдіктер көбіне біздің елге келеді.