Эстрада жұлдыздарының бірі Мөлдір Әуелбекова соңғы кездері кезігіп жүрген кедергілерді жасырмады.
Мені орамал үшін шақырмайды: Мөлдір Әуелбекова кейбір кісілердің қара тізіміне еніп кеткенін айтты
676
оқылды

Ол орамал таққаны үшін кейбір адамдардың қара тізіміне кіріп кеткенін ашып айтты, деп жазады Aikyn.kz.

Өнер иесін әлі күнге дейін ұйымдастырушылар кейбір жобаларға шақырмайтын көрінеді.

Мөлдір Әуелбекова шығармашылығында болып жатқан жайттар туралы Дина Төлепбергенге берген сұқбатында әңгімеледі. Алайда шоу-бизнес жұлдызы қара тізімге кіргені үшін еш уайымдамайтынын да атап өтті. Әнші ол жандардың концерттері мен жобаларына мүлдем мұқтаж емес екенін жеткізді.

"Әлі де қара тізімдемін. Кейбір мәдени шараларға мені орамал таққаным үшін шақырмайды. Шынымды айтсам, оған басымды қатырмаймын. Қара тізімге кіріп кеттім ба? Одан қалай шығамын? Мен олардың қара тізіміне болмаса концертіне, телевизиялық жобаларына мұқтаж емеспін. Мені тыңдайтын халқым бар. Міне 20 жыл болды мені көтермелеп отыр. Құлаған жерімде мені көтеріп жіберіп отыр. Мені тыңдатын халық өзі тауып алып-ақ тыңдап жүр", - деді Әуелбекова.