Жеке үйде шыққан өртте бес баласынан айырылған отбасына қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.
Жітіқарада 5 баласынан айырылған отбасына екі бөлмелі пәтер берілді
Фото: видеодан алынды
727
оқылды

Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт салдарынан бес баласынан айырылған отбасына пәтер берілді,– деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Өңір әкімдігінің мәліметінше, жеке үйде шыққан өртте бес баласынан айырылған отбасына қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.

«Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорынның бастамасымен отбасына екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.