Бұған дейін Мәжілістің бір топ депутаты балаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған.
Депутаттар балаларды 12 жастан қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды: Үкімет басшысы жауап берді
Фото: istockphoto.com
414
оқылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстанда қылмыстық жауапқа тарту жасы төмендетілмейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін Мәжілістің бір топ депутаты балаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған. Үкімет бұл ұсынысты қолдаған жоқ.

«Жауапкершілікті 12 жастан бекіту балаларды қорғау мен тәрбиелеуге қатысты құқықтық және гуманистік көзқарастарға қайшы келеді. Себебі бұл жаста балалар өз әрекетінің қоғамға қаншалықты қауіп төндіретінін толық түсінбейді», – дейді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы әлемдік тәжірибені мысалға келтіріп, Германия, Жапония, Ресей, Финляндия және Ұлыбритания елдерінде қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталатынын жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.