Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты.
«Қаңғыбас» шарасы: Астанада 4 жыл бұрын жоғалған адам табылды
Фото: istockphoto.com
829
оқылды

Елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған «Қаңғыбас» атты жедел алдын алу  шарасы өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

"Рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқықбұзушылық жасады деген 6 адамды ұстады",  делінген Астана қалалық ПД хабарламасында.

Сонымен қатар  хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. 

Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық. 

Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.