Бүгінде қазақстандық түрмелерде шамамен 30 000-ға жуық адам бар.
Қазақстанда әрбір сотталған адамды асырау үшін күніне қанша теңге жұмсалады?
1,664
оқылды

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) төрағасы орынбасарының айтуынша, елімізде бір тұтқынды асырау үшін бюджеттен күніне 7 500 теңге жұмсалады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы еліміздегі түрмелердің толып кетуі мәселесіне арналған брифингте белгілі болды. Осы ретте адвокат Надежда Далабаева сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мемлекетке тиімді екенін айтты.

Қазақстандық түрмелерде 30 000-ға жуық адам болса, демек оларға күн сайын 225 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалады деген сөз.

«Соттар тіпті экономикалық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған, бірақ мемлекетке зиян келтірмеген сотталғандарды шығарудан бас тартып жатқанда, тағайындалған мерзімінің басым бөлігін өтеген, жасаған әрекетіне өкінген мүгедектер, онкологиялық науқастар және көпбалалы ата-аналар түрмелерде отыр», – деп атап өтті Далабаева.