Чемпионатқа Қазақстан атынан барлығы төрт спортшы қатысты.
Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы қандай нәтиже көрсетті
Фото: ҰОК
421
оқылды

Баллерупте (Дания) тректегі велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Olympic.kz  Қазақстан командасының нәтижелерін ұсынды. Отандық құрамадағы үздік спортшы болып Кирилл Курдиди танылды. Ол гит бойынша финалға жетіп, онда жетінші орыннан көрінді. Омниум бойынша жарыс жолына шыққан Рамис Дінмұхаметов 18-ші орын алса, шығып қалуға жарыстан 14-ші орыннан көрінді. 

Қуалап жарысудан Илья Қарабұтов 20-ші орынға жайғасты. Ал Әлішер Жұмақан ұпай бойынша 16-ші болып келді. 

Кейрин бойынша Кирилл Курдиди 23-ші болып жетсе, Илья Қарабұтов скрэтч бойынша жүлде алу үшін барын салды, нәтижесінде мәреге 19-ші болып келді. 

Айта кетелік, чемпионатқа Қазақстан атынан барлығы төрт спортшы қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.