Онлайн саудаға өнерлі жұптың балаларының да киім-кешегі қойылды.
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі әлеуметтік желіде бұрын киген киімдерін сатылымға шығарды
453
оқылды

Танымал әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде киімдерін сатылымға шығарып, онлайн сауда жасады, деп жазады Aikyn.kz.

Мұқанова TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, өзінің және балаларының киген киімдерін сатты. Саудаға ұсынылған киімдердің басым бөлігі 5 мың мен 10 мың теңге аралығында болды, арасында бірде-бір рет киілмеген киімдер де бар.

Мұқанованың бұл әрекеті желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.

Кейбіреулері оны қолдаса, енді біреулері «неге тегін бермейсің?» деп сынға алды.