Тележурналистің айтуынша, алаяқтар танымал адамдардың ортасында жүріп, олармен суретке түсіп, өзіне жақсы "портфолио" жасайды.
"Бәрін жоғалтып аламыз деп асықтырады": Динара Сәтжан алаяқтарға алданып қалғанын айтты
1,529
оқылды

Танымал тележүргізуші, продюсер Динара Сәтжан алаяқтың құрбаны болғанын айтып, көпшілікті сақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Алаяқтар жылы. Мен адамдарды жақсы танитыныма 100 пайыз сенімді едім. Алдымда тұрған адамның қандай екенін түсіну үшін маған 10 минут жеткілікті деп ойлайтынмын. Бұлай сенімді болуға болмайды. Қандай сақ адам болсаң да, алаяқтың құрбаны болуың мүмкін. Мен жалғыз емеспін. Соңғы кездері достарымнан оларды алдап кеткені, жақындарының өзі сатып кеткені жайлы оқиғаларды көп естідім. Кинопродюсерлер, стилистер, байерлер, фотографтар. Ешкім алаяқтардан сақтандырылмаған", – дейді жүргізуші.

Тележурналистің айтуынша, алаяқтар танымал адамдардың ортасында да жүреді.

“Олар эмоцияңмен "ойнайды", керемет нәтижелерді уәде етеді. Өзіне портфолио жасап, сіз араласатын ортаңызда жүреді. Әдетте, олардың инстаграмында танымал әлі беделді адамдармен түскен суреттер болады. Олардың ісі сол: суретке түседі, басқаның ақшасын жұмсайды және жаңа құрбан іздейді. Шулы жерде әрекет етеді. Төлемді үнемі асықтырады. Онымен тек маңызды адамдар жұмыс істейтінін айтады. Тездетіңіз, әйтпесе қазір бәрін жоғалтып аламыз дейді", – дейді журналист. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.