Оның айтуынша, Фариза Ескермес жаңадан жарық көретін фильмде басты рөлді сомдайды.
«Енді жолымыз бөлек»: Әли Оқапов «жұлдызды жұбы» Фариза Ескермес туралы айтты
Фото: instagram.com/aliokapov
42,711
оқылды

Әнші Әли Оқапов «Жұлдызды жұп» бағдарламасындағы жұбы Фариза Ескермес енді жобада өнер көрсетпейтінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.     

Оның айтуынша, Фариза Ескермес жаңадан жарық көретін фильмде басты рөлді сомдайды.

«Әли мен Фариза. Бұл да енді естелік болып қалды. Баршаңыздың қолдауыңызға рақмет! Енді жолымыз бөлек жалғасады, бірақ осы сәттерді ұмытпаймыз. «Енді Әли Фаризасыз жалпы жобада қала ма?» «Қалса, жобаны кіммен жалғастырады?» деген сұрақтарға жауап осы сенбіде «Жұлдызды жұп» жобасынан білесіздер. Ал, Фаризаны «Нурикамал» киносынан, «Бажа 2» телехикаясынан және үлкен «Құпия» киносының басты актрисасы ретінде жақында көрерсіздер!» – деді Әли Оқапов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.