38 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.
Атырау облысында жол апаты болып, 4 адам тірідей өртеніп кетті
833
оқылды

Атырау облысында бір сағат бұрын жолда полицейлерден ескерту алған жүргізуші жол апатына түсіп, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ведомствоның Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 26 қазан күні Атырау облыстық Полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Орал тасжолында сағат 04.00 шамасында Ресей елінде тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатып, жол жүру ережесінің талаптарын бұзғаны үшін жүргізушісіне хаттама толтырған. Оған қоса, полицейлер оған түнгі уақытта сақтық шараларына мұқият болу керектігін ескерткен.

Алайда ескертулерге қарамастан, таңғы сағат 06.00 шамасында Атырау-Орал тасжолында Daewoo Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Көлік толықтай отқа оранды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.