Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
808
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді», делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.