Кәмелетке толмаған айыпталушы сот үкімімен кінәлі деп танылды.
Қызылордада оқушыны кеудесінен ұрып өлтірген балаға қатысты сот үкімі шықты
783
оқылды

Қызылордада өз қатарласын абайсызда өлтіріп алған оқушыға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биыл ақпан айында 9-сынып оқушысы үйіне жақын жерде өлі табылған болатын.

- Кәмелетке толмаған айыпталушы жәбірленушімен жанжалдасып қалған. Күдікті жәбірленушінің кеуде тұсынан екі рет ұрып жіберген. Салдарынан оқушының жүрегі тоқтап, оқиға орнында мерт болған. Кәмелетке толмаған айыпталушы кінәсін толық мойындамады.

Сараптама нәтижесіне сәйкес жәбірленуші соққыдан физикалық жарақат алған, - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Кәмелетке толмаған айыпталушы сот үкімімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.