Астана қаласының бірқатар мектебінде жаңа жоба қолға алынды. Оқушылар сабақ барысында алаңдамауы үшін ұялы телефондарын ұстамайды. Бұл туралы елорданың Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Смартфонсыз мектеп» жобасы іске қосылды
фото: Астана қаласының білім басқармасы
339
оқылды

«Білім сапасын арттыру мақсатында Астанада бірқатар білім беру ұйымында «Смартфонсыз мектеп» жобасы іске асып жатыр. Оқушылар сабақтың алдында ұялы телефондарын арнайы ұяшықтарға салып қояды. Мұндай іс-шара оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық жай-күйіне оң әсер етеді», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, былтыр қарашада оқушыларға сабақ үстінде телефон қарауға шектеу енгізілген болатын. Бұл заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында қабылданды.